Жозе Моуринью «Тоттенхэмнен» қуылды

575

0

Португалиялық маман Жозе Моуринью Англияның «Тоттенхэм» футбол клубының бас бапкері қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, Моуриньюді қызметінен босату «Тоттенхэмге» 30 миллион фунт стерлингке түседі. 58 жасар маман «Тоттенхэм» футбол клубына 2019 жылдың қарашасынан бастап басшылық етеді. Келісімшартқа сәйкес, ол бұл ұйымда алдағы жылдың 23 маусымына дейін қызмет етуі тиіс.

«Тоттенхэм» осы маусымда 32 турдан кейін 50 ұпаймен Англия премьер-лигасында жетінші орында тұр.

Айта кетейік, Моуринью бас бапкер ретінде португалдық «Бенфика», «Юниан Лейрия» және «Порту» клубтарын, итальяндық «Интер», ағылшындық «Челси», «Манчестер Юнайтед» пен испандық «Реалды» басқарған.

2017 жылдың басында UEFA Жозе Моуриньюді 1954 жылы ұйым құрылғаннан бергі еуропалық футболдың ең жақсы он жаттықтырушысының тізіміне қосқан.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз