1 трлн теңге: Қай аймақтың банктегі қарызы басым?

1362

0

Қазақстандықтардың  банктерге қарызы 1 триллион теңгеге жуықтады.  Оның 335 миллиарды жеке тұлғалардың берешегі болса, 592 миллиардан астамы заңды тұлғалардың берешегі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұған бірінші кезекте, өткен жылы жарияланған төтенше жағдай себеп. Азаматтардың көбі наурыз бен сәуір айларында несиесін төлей алмаған. Ал  мерзімі өткен жалпы  кредиттер бойынша көшбасшы – Алматы қаласы.

Алматылықтардың банктерге қарызы 467 миллиард теңгеден асып кеткен. Екінші орынға 141 миллиард берешекпен елордалықтар орналасқан. Несиелер бойынша қарызы аз аймақ Солтүстік Қазақстан мен Түркістан облысының тұрғындары екен. Тиісінше бірінде 4 екіншісінде 2 миллиард қарыз бар.

һ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<