Биыл елімізде 22,1 млн тонна мұнай экспортталып, қаңтар-сәуір айларының жоспары 100% орындалды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Биыл төрт айда мұнай және конденсат өндіру көлемі 28,1 млн тоннаға жетіп, жоспар 99,4% орындалды. Мұнай және конденсат өндіру көлемінің есепті айдың жоспарынан төмен болуының себебі – сәуір айындағы Қарашығанақ кен орнындағы жоспардан тыс жөндеу жұмыстары», – дейді Нұрлан Ноғаев.
Ол мұнай-газ саласындағы iрі компаниялардың көрсеткішіне тоқталып өтті.
«Теңіз жобасында аталған кезеңде 9 млн тонна мұнай өндіріліп, жоспар 100,1% орындалды. Солтүстік Каспий жобасы – Қашағанда мұнай өндіру көлемі – 4,9 млн тонна болды, яғни қаңтар-сәуір айларының жоспары 100% орындалды. Қарашығанақ жобасының көрсеткіші 4 млн тоннаны құрап, жоспар 96,3% орындалды. Осы кезең ішінде 22,1 млн тонна мұнай экспортталып, биылғы қаңтар-сәуір айларының жоспары 100% атқарылды», – дейді министр.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<