– Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 27 сәуірдің кешімен салыстырғанда 0,24 теңгеге құлдырап, 1 доллар үшін 429,18 теңге болды.
Ұлттық банктің 28 сәуірдегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 429, 42 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 430,13 теңге, сатып алу – 428,63 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 429,02 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 430,06 теңге.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<