Доллар бағасы қымбаттады

686

0


Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 22-24 наурыз аралығымен салыстырғанда 1,94 теңгеге өскен. АҚШ ақшасының орташа бағамы 423,12 теңге болды.

Ұлттық банктің 25 наурыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 421,29 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 423,81 теңге сатылса, ал сатып алу – 422,24 теңге. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 423,67 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу – 422,45 теңге.



 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<