Көрсеткіштерге көз салсақ…

330

0

Бүгінгі таңда пандемия салдарынан экономика өсімінің төмендеуі барлық елдерде байқалды. Бұл жағдай Қазақстанға да тән болып отыр. Дегенмен, Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына бірқатар көрсеткіштер бойынша аздаған өсім, сонымен бірге салыстырмалы түрде алғанда кейбір параметрлер жөнінде теріс сальдо қалыптасқанын атап өткіміз келеді.

2020 жылғы екінші тоқ­санда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атау­лы ақшалай табыстары баға­лау бойынша айына 86744 тең­гені құрады. Бұл 2019 жыл­дың екінші тоқсанымен салыс­тырғанда 9,5 процентке жоғары болды. Осы кезеңдегі тұтыну тауарлары мен қыз­мет­тері бағасының 6,5 процентке өсімін ескере отырып, халықтың нақты ақшалай табыстары 2,8 процентке өскенін байқаймыз.

Тұтыну бағаларының ин­дексі 2020 жылғы қыр­күйекте 2019 жылғы жел­тоқсан айымен салыс­тырғанда 104,6% құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар 7,2%, азық-түлік емес тауарларына – 3,4%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтер 2,1%-ке өсті. Атап айтқанда, өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіп­орындар бағалары 2020 жыл­ғы қыркүйекте 2019 жыл­ғы желтоқсан айымен са­лыс­­тыр­ғанда 0,8 процентке жоға­рылады.

2020 жылғы қаңтар-қыркүйекке негізгі капи­талға салынған инвес­тициялар көлемі 181316 млн теңгені немесе 2019 жылдың қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 69,5% құрады.

2020 жылғы қаңтар-қыр­кү­йек­­те сауда саласы бойын­ша нақ­ты көлем индексі 98,3%-ті құрады. 2020 жылғы қаң­тар-қыркүйекте бөлшек сауда көлемі 217 млрд теңгені немесе 2019 жылдың қаңтар-қыркүйекпен салыс­тырғанда 98,0% деңгейінде қалыптасты.

2020 жылғы қаңтар-қыр­күйекте өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағада 485 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 2019 жылғы деңгейден 11,8% кеміді. Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 16,8%, кемісе, өңдеу өнеркәсібінде өсім – 3,5%, электрэнергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондиция­лаумен жабдықтауда 17,1% құрады. Тау-кен өндірісіндегі өнім көлемінің төмендеуін мұнай өндірісіне қатысты ОПЕК+ келісімі бойынша Қазақстанның өзіне алған міндеттемелеріне байланысты екенін атап өткіміз келеді. Салада өсім мен төмендеу сипаты қатар жүргенін осы жағдайлармен түсіндіруге болады.

Үстіміздегі жылдың қаңтар-қыркүйегінде ауыл, орман және балық шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі  95, 5 млрд тең­гені құрап, 2019 жылмен салыс­тырғанда 3,1 процент өсім байқалды.

Жалпы, пандемия кезін­де ауыл ­­ша­руа­­шы­лы­ғы саласы не­­гі­зі­­­нен тұрақты өсімін сақ­тап қалды.

«СБ» экономика

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз