Қазалы кірпіші Қарағанды мен Жезқазғанға жөнелтілуде

1034

0

Қазалыда күніне 12 мың кірпіш шығаратын шағын цех жұмыс істеп тұр.

Бүгін аудан әкімі Мұрат Ергешбаев солардың жұмысымен танысты. Белгілі болғандай, қажетті шикізат Арал ауданының Ақбай ауылы маңынан жеткізілуде.

Құрылыс жұмысына қажетті материалды «Тоғыс Арал отын» ЖШС шығаруда. Қазіргі таңда мұнда 30-ға жуық жұмысшылар еңбек етуде.

Жергілікті өнімнің бағасы да тұрғындар үшін қолжетімді. «Тоғыс Арал отын» ЖШС директоры Мейрамбек Жұмашевтың айтуынша, Қазалыдағы цехта шығарылған кірпіштер әзірге Қарағанды мен Жезқазған қалаларына тапсырыспен жөнелтілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<