«ШалқияЦинк ЛТД» АҚ («Taỳ-KenSamuryq» ҰТК» АҚ-ның 100% еншілес компаниясы) «Шалқия» кен орнында жылдық қуаттылығы4 млн тоннаны құрайтын кен байыту фабрикасын жобалау жұмыстарын қолға алды. Шарт KPSP отандық жобалау институтымен («Қарағанды Промстройпроект институты» ЖШС) жасалды. Жобалау және мемлекеттік сараптама кезеңі аяқталғаннан кейін фабриканы салуға конкурс жарияланады.
Жобалау жұмыстарын жүргізетін мердігер ашық тендердің қорытындысы негізінде анықталды. KPSP – Қазақстанның жетекші жобалық институттарының бірі, ТМД және бұрынғы КСРО аумағындағы ірі өнеркәсіптік және азаматтық нысандарда (Құрық портындағы паром кешені, Жайрем КБК, Мәскеу облысындағы «Орталық құрғақ порт» және т.б.) жұмыс тәжірибесі бар.
Шалқиядағы байыту фабрикасы мырыш пенқорғасын кендерін байыту саласындағы озық әлемдік тәжірибелердің және технологиялардығ негізінде жобаланатын болады. Өндіруден байытуға дейінгі өндіріс кезеңдерінің әрқайсысына 4.0 Индустрия элементтері барынша интеграцияланады. Кенішті цифрландырумен де отандық мамандар – «Казгипроцветмет» инженерлері айналысады.
Марина Кулик,
«Қарағанды Промстройпроект институты» ЖШС
бас директоры:
«Бұл – инновациялық жоба. Онда тау-кен өнеркәсібі саласындағы соңғы әлемдік жетістіктерге сәйкес жаңа технологиялық шешімдер қолданылады».
Дамир Кәрім,
«ШалқияЦинк ЛТД» АҚ
бас директоры:
«Байыту фабрикасын жобалау жұмыстары – жобаны іске асыру стратегиясындағы маңызды кезең. Цифрландырудың, операциялық тиімділіктің, қауіпсіздік пен экологиялықтың жоғары деңгейі бар Шалқия КБК-ның құрылысын салу және оны жобалық қуатына шығару – біз үшін басты міндет. Біз қазір ЕҚДБ-мен кенішті салуға, технологиялық жабдықтарды жеткізуге және РМС (Project Management Consulting) инженеріне конкурстар дайындауға қатысты белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Осы конкурстардың барлығы ағымдағы жылы ЕҚДБ Электрондық конкурс алаңында өткізіледі».
Шалкия КБК құрылысы Еуропалық қайта құру жәнедаму банкінің қарыз қаражаты және «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ өз қаражаты есебінен қаржыландырылады.
«Taỳ-Ken Samuryq» ҰТК» АҚ баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<