ХҚО жұмысы онлайн түрде қолжетімді

736

0

Назарларыңызға мереке күндеріне орай ХҚО-лардың жұмыс кестесін ұсынамыз.

1, 2 мамыр күндері облыстағы барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары «1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні» мерекесіне орай жұмыс істемейді. Ал, мамыр айының 3-і мен 6-сы күндері қалыпты қызмет көрсетеді.

Сондай-ақ, «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні», «9 мамыр – Жеңіс күні» мерекелеріне 7, 8, 9, 10 мамыр күндері демалыс.

Естеріңізге сала кетейік, қазір мемлекеттік қызметтердің 96%-ын қазақстандықтар ХҚО-ға келмей-ақ ала алады, олар Mgov мобильдік қосымшасы, eGovKzBot2.0 Telegram-боты және Egov.kz порталы арқылы онлайн қолжетімді.

Фронт-офистердің мекен жайын, мемлекеттік қызметтер туралы ақпаратты, сондай-ақ ХҚО-лардың жұмыс кестесін 1414 нөміріне хабарласып, нақтылауға болады.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<