15 мың теңге: жалдамалы пәтерде тұратындарға жеңілдік бар ма?

923

2

Коммуналдық қызмет шығындарын өтеу ережесінде жалдамалы пәтерде тұратындарға жеңілдік қарастырылмаған. Бұл туралы Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның сөзіне қарағанда, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі карантин кезінде коммуналдық шығындарды өтеу ережесіне енгізген өзгерістерде жалдамалы пәтерде тұратындарға жеңілдік берілмеген.

«Біз өз тарпымыздан министрліктен жалдамалы пәтерде тұратындарды да енгізу туралы ұсыныс бердік. Яғни, ол бізге баспананы жалдап тұрып жатқанын растайтын келісімшартты көрсетсе, біз төлеп бергіміз келген. Өкінішке орай, министрлік ұсынысымызды құптамады»,– дейді Әсет Масабаев.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ағымдағы жылдың 9 мамырында карантин режимі кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<