15 жасар қыз бірнеше жыл бойы зорлық көрген

533

0

Алматыда 15 жасар қыз бірнеше жыл бойы зорлық көрген. Бұл туралы әлеуметтік желіде еріктілер мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

«Бұл факт Қылмыстық кодекстің 120-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Күдікті ұсталды, сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады»,-деп хабалады Алматы қалалық полиция департаментнің баспасөз қызметі.

Бұқаралық ақпарат құралдарында жасөспірімнің бес жасынан бастап зорлық-зомбылыққа ұшырағаны туралы ақпарат тарап жатыр. Оны өз әкесі зорлаған. Бұған дейін Алматыда құрылыс алаңында жұмысшы әйелді зорлаған бригадирге қатысты үкім шыққанын жазған болатынбыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<