4 миллиард теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған қылмыстық топ ұсталды

592

0

Қарағандыда үш жылда 4 миллиард теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған қылмыстық топ мүшелері ұсталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы мониторингі агенттігінің деректеріне сілтеме жасап.

Қылмыстық топ мүшелері заңсыз әрекетті жүзеге асыру үшін алты жалған фирма құрған.

«Тінту кезінде алты миллион теңгеден асатын ақша, банк карталары (Forte Bank, Halyk Bank, Kaspi Bank, Bank RBK, Еуразиялық банк), бухгалтерлік құжаттар мен компаниялардың мөрі табылып, тәркіленді», – делінген хабарламада.
Агенттік қылмыстық әрекет мемлекетке төленбеген салық түрінде миллиард теңгеден аса сомаға залал келтіргенін айтты.

Қазіргі уақытта ұйымдасқан қылмыстық топ құру және жалған шот-фактураларды заңсыз шығару дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<