Германияның Леверкузен қаласындағы химия зауытында жойқын жарылыс болды

501

0

Германияның Леверкузен қаласындағы Бюрриг ауданында орналасқан кәсіпорында қуатты жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сайтына сілтеме жасап.

Кейбір деректер бойынша, апат Bayer химия-фармацевтика компаниясының нысандарының бірінде болған. Тағы бір деректе апат Currenta химия кәсіпорнында, яғни мұнай базасында болған. «Апат қоқыс өртейтін зауытта болған» деген болжам бар.

Әзірге зардап шеккендер туралы хабар түспеген. Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнынан аспанға қара түтін будақтап көтерілген. Түтін Буршайд және Лайхлинген бағытында көшкен.

Бюрригке құтқару қызметтері келді. Леверкузен полициясы тұрғындарды пәтерінен шықпауды, терезе мен есікті ашпау керектігін ескертті.




 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<