Президентке айыппұл салды

1023

0

Украина президенті Владимир Зеленский, Президент кеңсесінің басшысы Андрей Ермак, елдің бас санитар дәрігері Виктор Ляшкоға карантин уақытында кафеге бас сұққаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. 


Зеленский Хмельницкий қаласында кафеден кофе ішкені үшін карантин режимін бұзды деп есептелді. Ол бұл туралы Чернигов қаласындағы журналистермен кездесуінде айтып берді. 


«Маскамды шешуге рұқсат па, естілмей тұр. Әйтпесе Хмельницкий қаласындағыдай тағы да айыппұл салып жүрер. Негізі дұрыс жасады», – деді ол. 

ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, әкімшілік хаттама кафенің иесі мен оның қонақтарына толтырылған. Карантин режимін бұзғаны үшін кінәлі азаматтар 17 000 – 34 000 гривен аралығында айыппұл төлемек. 


3 маусым күні Зеленский өзінің әріптестерімен кафеге барып кофе ішкен. Дегенмен, бұл уақытта кафеге қонақ қабылдауға түбегейлі шектеу қойылған-ды.

Ертеңіне елдің бас санитар дәрігері Ляшко Зеленский тәртіп бұзса айыппұл төлейтінін айтқанын, оның бұл әрекеті заң бұзушылық болып есептелмейтінін мәлімдеді. 

Baıraq

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<