Путиннен кейін Ресейді кім басқаруы мүмкін?

620

0

Сауатты оқырман Нобель сый­­лығының лауреаты, атақты «Тынық Дон» романының авторы Михаил Шолохов есімінен хабар­дар деп ойлаймын. Сол Шолохов өткен ғасырдың 30-шы жылдары есімі Сталинге белгісіздеу бол­са да хат жазады. Өзінің Дон өлке­сіндегі ауданда кәмпескенің озбырлықпен жүргізіліп жатқа­нын, оның басы-қасында жүрген рай­комның хатшысын, НКВД бас­тығын әшкерелеп жазады. Тап жауларымен күрестің сол уақытта қаншалықты өрістеп тұр­ғанын ескерсек, Шолохов өміріне де қауіп төнген. Себебі Сталин хаттағы фактілерді тексеруге Мәскеуде арнайы комиссия құрған еді. Тексеру бойынша Кеңес өкі­метінің жергілікті жердегі өкіл­дері қатаң жазаланады. Бірақ Ми­хаил Шолоховқа да оңай соқ­пайды. Өміріне қауіп төнгенін біліп, Мәскеуге келеді. Сталинге кіреді. Сталин:

– Көп былықтардың бетін аш­тың. Жауың көбейді. Жеке өмірің үшін қорықпайсың ба? – деп сауал қойғанда жазушы:

– Сталин жолдас қорғайды деген ниетпен алдыңызға келіп отыр­ған жоқпын ба? – деп жауап береді.

Сталин табиғатынан ойын бүк­песіз айтатынды құрметтейтін. Шо­лохов қоғамдағы теріс құбы­лыс­қа, қылмысқа немкеттілік та­ныт­пады. Көсем де мәрттік та­­нытып, астанада қалуына кө­мек­теседі. Куәгерлердің айту­ын­ша, кейін Шолохов елінде тұ­­рақ­тап қалады. Бірнеше бел­гілі шығармалар жазады. Әлем таны­ған жазушы атанады. Ста­лин жазушыны сырттай бақылап, соғыстан кейін өзінің қабыл­дауы­на шақырады. Хал-жағдайын сұ­рас­қан соң көсем өзіне тән ба­йыпты сауалын көлденең тартып:

– Сізді көп ішеді дейді ғой. Бұған не айтасыз? – дейді.

Шолохов іркілместен: «Қыз­ғаныш пен іштарлыққа толы мына ит өмірден қалай ішпейсіз, Сталин жолдас?! – деп жауап беріпті.

Сталин қабылдауына ша­қыр­­ған жазушыға еш жауап қат­пастан үнсіз шығарып салған көрінеді. Қаншалықты қажет болды? Не үшін шақырды, бұл көсемнің өзіне ғана мәлім. Ста­лин талай адамдарға өздері күт­пеген сауалдар қойған. Олар­дың жауаптарын тыңдаған им­пе­рияның бірінші басшысы Кеңес Одағының алғашқы жыл­да­рын­дағы науқандық шара­лар­дың қан­шалықты деңгейде және қалай жүріп жатқанын НКВД, атқарушы билік арқылы ғана емес, басқа, тіпті қарапайым көздерден де біліп отырған. Өйткені ол – үлкен елді, халықты билеген тұлға. Оған Шолохов сияқты талантты жазушының араққа салынғаны түк емес, ол барлығын білгісі келеді, ынтызар. Ет пен сүйектен жаралған пенде ретінде әр нәрсеге қызығушылығы және бар. Биліктегі өзіне бағыныштыдан гөрі сезімнің адамдарымен сөй­лескісі, ой бөліскісі келеді.

Айталық, қазір Ресей халқы үшін Сталиннің репрессиялық зобалаңынан гөрі кітап оқыған зеректігі, елдегі жағдайға толық қанығу үшін жай адамдарды тыңдай білу қасиеті, халыққа жанашырлығы барынша маңызды болып табылады.

Бүгінгі күннің басты мәселесі ретінде Батысты, Еуроодақты Путиннен кейін кім Президент болуы мүмкін деген сауал жиі мазалайды. Ресей қаруын күшейтіп, сол Батысқа қазір пысқырып қарағысы жоқ. Жаралы аю  Днестр өңірі, Украина, Қарабақ үшін жанын да, тәнін де жаралауға дайын. Путиннің саясаты жалғаса ма? Оның орнына келуі мүмкін адамдардың қатарында радикалды пиғылдылардың болуы ықтимал деген болжам бар. Орыс мұжығы жалпы кедей болғандықтан осындай адамдарды қалайды. Ендеше, біз етек-жеңімізді қымтап, кез келген жағдайға дайын болуымыз керек. Бұл – өмір шындығы.

Жолдасбек АҚСАҚАЛОВ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<