Украиналық борщ ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізіледі

992

0

Украинаның Мәдениет министрлігі борщты ұлттық мәдени мұраның бір бөлігі ретінде тануды қарастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Мұндай ұсынысты ведомство жанындағы Сараптамалық кеңес ұсынды. 

Украинаның Мәдениет министрі Александр Ткаченко борщ міндетті түрде ұлттық мәдени мұраның бөлігі болып жарияланатынын айтты: «борщты дайындаудың шынайы процесі енді ресми түрде украин дәстүрлерінің мойындалған меншігіне айналатынына қуаныштымын».

Ткаченконың айтуынша, ұлттық тізімді ресімдеу — бұл борщты ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізу үшін дайындаудың украиндық дәстүрін номинациялаудың маңызды кезеңі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<