Атымтай азаматтар ауылға қолдау көрсетуде

418

0

Жалағаш ауданының әкімі Асылбек Шаменовтың қатысуымен Аламесек ауылдық округінде «Туған жерге тағзым» жобасы аясында елді мекенді көркейту-көгалдандыру, абаттандыруға байланысты өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумына қол қою рәсімі өтті.

Аудан басшысы осы уақытқа дейін «Туған жерге тағзым» жобасы аясында атқарылған жұмыстарды тарқатып, ынтымақтастық қолын созған азаматтарға ауыл халқы атынан алғыс айтты.

Алдағы уақытта «Қарабура Ата» фермерлік қожалығы құны 5,0 млн. теңгені құрайтын елді мекендегі кіре беріс жолын жарықтандыру жұмыстарын, «Жаңа арық» шаруа қожалығы 6,0 млн. теңгені құрайтын осы жолды абаттандыру жұмыстарын қолға алмақ.

Сонымен қатар, құны 5,0 млн. теңге болатын Ипподром салу жұмыстарын «Көктөбе» шаруа қожалығы, 4,0 млн. теңге болатын Өмірбай шешен көшесін абаттандыру жұмыстарын «Нағи» шаруа қожалығы жүзеге асырмақ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<