Баспана бағасы тағы қымбаттады

488

0


Елімізде бір айдың ішінде жаңа тұрғын үйлердің бағасы 0,8 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы таратқан ақпаратқа сәйкес, бір айда (2021 жылғы сәуір 2021 жылғы наурызға қарағанда):

– абаттандырылған тұрғын үйді алып-сату бағасы 1,7 пайызға;

– жаңа тұрғын үйлерді сату 0,8 пайызға;

– абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 1,1 пайызға қымбаттады.

Сондай-ақ ведомство мәліметінше: – таза әрленген және әрленбеген жаңа пәтерлердің бір шаршы метрі республика бойынша 327 014 теңгені;

– абаттандырылған тұрғын үйлердің шаршы метрі 261 776 теңгені;

– абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 1 шаршы метріне 1 744 теңгені құрады.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<