Димаш АҚШ-қа барып, Қазақстан әнұранын орындайды

609

0

Димаш Құдайберген Лас-Вегаста GGG – Canelo 3 жекпе-жек алдында Қазақстанның әнұранын орындайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Еліміздің бір туар спортшысы Генадий Головкиннің арнайы шақыртуымен 17 қыркүйек күні Лас Вегас қаласында өтетін GGG – Canelo 3 жекпе-жек алдында, Димаш Құдайберген Мемлекеттік әнұранымызды орындап батырымызға қолдау көрсету жоспарлануда», – деп жазылған dimash.news сайтының желідегі парақшасында.

Айта кетсек, 18 қыркүйек күні Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) IBF және WBA бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек өтеді.

Бокс әлемінде жылдың басты жекпе-жегі саналған трилогияны «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары тікелей эфирден көрсетеді.

Жекпе-жек Нұр-Сұлтан уақытымен 18 қыркүйек күні сағат таңғы 05:00-де басталады.

Боксшылар бұл кездесуде екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағын сарапқа салады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<