Ат үстінде шыңдалған ұрпақ рухты

994

0

Қазақ буыны қатайған баласын атқа мінгізіп үйреткен. Содан болар 5-6 жасқа келгенде үлкендер жағы «ат жалынын тартып мінер азамат болдың» деп, үміт артып бата беріп жататыны. Атқа мінген адамның бойында ең алдымен рух пайда болады. Оны әрбір адам шынайы сезіне алады.

Осыдан біршама уақыт бұрын кішкентайынан тайға мініп, ұлттық ойындарды ойнап өсетін бала көп еді. Ауыл сыртында ақ шаңы бұрқырап, көкпар тартылып жататын. Ал, қазір ше? Сол ауылдың өзінде тай-тулақты тақымдайтын емес, ертелі кеш ұялы телефоннан айрылмайтын бала көбейді. Өмір өзгерсе де айтайық, бұл енді өкінішті. 

Ғалымдардың айтуынша, аттың бірқалыпты жай жүрі­­сінің өзінде мінген адам­ның денесінде 110 түрлі тербеліс туады екен. Барлық буыны қозғалады. Адамға биохимиялық тұр­ғыда оң әсерін тигізіп, ағзаны нығайтады. Ал, дәрі­герлердің келтірген дерегі тіпті қызық. Жылқы бұл­шық еттерінің қоз­ғалысы  массаж жасауға қабілетті көптеген элементтерден тұ­рады. Бұл ағзаның одан әрі күшеюіне алып келеді. Оның температурасы адамның дене қызуынан бір жарым градусқа жоғары екені дәлел­­денген. Сондықтан атқа отырған сәттен бас­тап тақымға берілетін жылу қан айналымының жылдам­дығын арттырып, саусақтың ұшына дейін айналып шы­ғатыны нақты­ланған.

Десек те, осы пайдалы кеңесті кейінгі кезде ұмыт­қандаймыз. Атқа шаппақ түгілі жанына жақын баруға қорқа­тындар бар. Атсейістердің айтуынша,  атқұмар бала мен үзеңгіге аяқ салып көр­меген баланың арасы жер ­мен көктей болады екен.

Жылқы мінудің ден­сау­лыққа пайдасы зор. Ип­по­тера­пия әді­сін қолға ал­ғандар бар. Бұл әдіс жұ­лынға зақым келгенде, миға қан құйыл­ғанда, жабық бас сүйек-ми жарақатын алғанда, мінез-құлық өзгеріске ұшы­рағанда, көңіл-күй төмен­дегенде, ұмыт­шақтық пайда болғанда, шор­буынға және тірек-қимыл аппараты қызметі бұзылғанда, яғни, бір сөзбен айтқанда, адам­ның жүйке-жүйесіне қатыс­ты ауруларды емдеуде қолда­нылады.

Иппотерапия арқылы нау­қастарға ем жүргізіп жүрген­дердің бірі – жаңақор­ғандық Асылбек Айдарқұлов. Қазір оның бап­тауында аттар бар. Жоға­рыдағы диаг­ноздар қо­­­йылған балаларды отыр­­­ғы­­зып, серуендетеді. Әсі­­­ресе, баяу жүргенде және желі­­генде адам денесінде ми­ну­тына жүзден астам шайқау импульсі пайда болады екен. Себебі, жануар шап­шаң жүр­ген сайын бұл­шық етінің қоз­ғалысы мінген адамға беріледі.

– Қазір балалар арасында түрлі аурулар көп. Аяғын тік баса алмайтын, денесін тіктеп ұстай алмайтындарға да тиімді. Сондай-ақ бір орында тұрмайтын, үздік­сіз қозғалыста жүретін гипер­белсенді бала да көп. Ондай балаларды да атқа мінгізу керек. Себебі, ол кезде бала өзін жинақы ұстайды, жануарды сипағанда жүй­кесі тынышталады. Аутизм, Даун синдромына шал­дыққан балаларға да пайдасы зор. Олар жануарды көріп қуанады, сөйлеуге, әсерін шығаруға тырысады. Сон­дықтан иппотерапия – көптеген ауруға шипа, – дейді ол.

Елімізде импотенцияға шал­­дыққан ерлердің көбейіп жат­қанын айтқан дәрігерлер де алаңдаулы. Мамандардың сөзін­ше, бұған әсер ететін факторлар көп. Соның ішін­де жастардың спортпен шұ­ғыл­данбауы, атқа мін­беуі аурудың белең алуына әсер етіп отыр.  Мұны облыс­тық ат спорт түрлерінің аға жаттықтырушысы да растады. Оның сөзінше, қазір атқа қызығатын бала аз. 

Исламхан Боранбаев жас­­­тайынан сәйгүлік баптап, бәйге аттарын жаратты. Жүйріктері талай додада топ жарып жүр. 15 жылдан астам уақыттан бері шәкірт дайындап келеді. Облыстық ат спорты саласында елеулі еңбек етуде. Оның командасы көптеген сайыс­та жеңіске жетті. Шәкірттері – еліміз бойынша көкпар командаларының белді мүшесі. Жастар арасында атқа міну мәдениетін қалыптастырып, жандануына септігін тигізуде. Мектеп оқушыларына, атқа қызы­ғушылық танытқан жастарға тегін үйретуде. Жыл­қы десе қаны қоза­тын қазақтың қара­домалақтары емес пе? Балалар қызы­ғып, үйіріліп келе бас­тады. Олардың ішінде қыз балалар да бар. Атқа мініп үйренумен қатар бәйге, теңге алу, қыз қуу, жамбы атуды меңгеруде. Исламхан оларға тарих туралы айтуды да ұмытқан емес.

Түйгеніміз – атқа міну мәдениеті қайта қалыптасу керек. Салт-дәстүр, мәдение­тін, өр рухын ат үстінде жүріп өрге оздырған ұлттың ұрпағы ұтылмағаны игі.

Сара АДАЙБАЕВА,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<