Мұрат Ергешбаев – Қызылорда облысының әкімі

4

0

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен Қызылорда облысының әкімі лауазымына Ергешбаев Мұрат Нәлқожаұлы тағайындалды.

Ергешбаев Мұрат Нәлқожаұлы Қы­зылорда облысында туған. Алматы халық шаруа­шылығы институтын, Қазақстан Рес­публикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы Сырдария ауданының  Жамбыл ауылында экономист болып бастаған. Аудандық өнеркәсіптік бірлестігінде, қаржы құрылымдарында басшылық қызмет атқарған.

Қызылорда облысы әкімі орынбасарының кеңесшісі, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының орынбасары, қалалық қаржы бөлімінің бастығы, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «Өрт сөндіруші» АҚ-ның экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті болған.

Қызылорда қаласының әкімі, облыстық қаржы басқармасының бастығы, Қармақшы ауданының әкімі, Шиелі ауданының әкімі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтыну­шылар құқықтарын қорғау комитеті Алматы қаласы тұтынушылардың құқықтарын қор­ғау департаменті басшысының орынбасары, «ҚазАгроӨнім» АҚ аппарат басшысы, облыс­­тық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқар­ма­сы­ның басшысы, Қазалы ауданының әкімі, Сырдария ауданының әкімі қызметтерін атқарған.

2023 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің VІІІ шақырылымына Қызылорда облысының атынан депутат болып сайланды.

Жарлық

М.Н. ЕРГЕШБАЕВТЫ ТАҒАЙЫНДАУ ТУРАЛЫ

Мұрат Нәлқожаұлы Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.Тоқаев

Астана, Ақорда,

2026 жылғы 8 мамыр

№ 1271