Үкімет басшысы облыстың жаңа әкімін таныстырды

5

0

Кеше Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Қызылорда облысы мәслихаты депутаттарының жиналысына қатысты.

Жиын барысында Мемлекет басшысының Қызылорда облы­сының әкімі лауазымына екі кандидатты: Ардақ Зебешев және Мұрат Ергешбаевты ұсыну туралы хаты оқылды.

Ашық дауыс беру нәтижесі бойынша депутаттардың 81%-ы Мұрат Ергешбаевтың канди­датурасын қолдады. Депу­тат­тардың 19%-ы Ардақ Зебешевке дауыс берді.

ҚР Президентінің тиісті Жар­лығымен Қызыл­орда облы­сының әкімі болып Мұрат Ергешбаев тағайындалды.

***

Олжас Бектенов облыс активімен кездесуде Мемлекет басшысының атынан Нұрлыбек Нәлібаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді. Жалпы өңірлік өнім көлемі 4 жылда 2 есеге артып, 3,7 трлн теңгеге жетті. Инвестиция тарту, әлеу­меттік маңызды инфрақұ­ры­лым­ды салу және жаңғырту, абат­тандыру және басқа да салалар бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.

Премьер-министр облыс ак­тивіне өңірдің жаңа әкімі Мұрат Ергешбаевты таныс­тырып, Пре­зи­денттің Қызылорда облы­сы басшылығының алдына бір­қатар басым міндет қойғанын атап өтті. Бұл – бірінші кезекте Мем­ле­кет басшысының баста­масы­мен елімізді әрі қарай жаң­ғыр­туға бағытталған, халықтың әл-ауқатын жақсарту, экономика салаларын әртараптандыру және цифрландыру, инвестиция тарту, әлеуметтік инфрақұрылымды да­мыту сынды өзге де басым бағыт­тарға бағдарланған консти­туция­лық реформаны жүзеге асыру.

«Президенттің бастамасымен елімізде маңызды саяси, әлеу­меттік-экономикалық рефор­ма­лар жүргізілуде. «Әділетті Қа­зақстан» тұжырым­дамасының нәтижелі жүзеге асырылуы осы отырған бәрімізге байланысты екенін айтқым келеді.

Мемлекет басшысы Қызыл­орда облысының дамуын үнемі назарда ұстап келеді. Мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық құры­лым мен қоғам бірлесіп жұмыс істеуі қажет», – деп атап өтті Олжас Бектенов. Сонымен қатар Премьер-министр бірқатар тапсырма берді.

Үкімет басшысы облыстың жаңа әкімін таныстырды

Өңір басшылығы азамат­тар­дың өмір сүру сапасын жақ­сар­туға тікелей әсер ететін маңыз­ды жобалардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуі керек. Прези­денттің бастамасымен Қызыл­орда қаласында қуаты 240 МВт болатын жаңа газ ЖЭО-сы са­лынып, пай­далануға берілді, ол халықтың электр және жылу энер­гиясына де­ген сұранысын толығымен жабуға мүмкіндік береді. Ірі энерге­тикалық жобаға 215 млрд теңге көлемінде инвес­тиция салынды.

Сонымен қатар Қызылорда қаласы ыстық сумен қамтамасыз етілді, оған республикалық бюд­жеттен 26 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.

АӨК саласында ауыл шаруа­шылығы дақылдары көлемін оң­тай­ландыру және су үнемдеу тех­­но­­ло­гияларын енгізу мін­дет­терінің маңыздылығы атап өтілді.

Кәсіпкерлік белсенділікті қол­дау арқылы шағын және орта бизнесті (ШОБ) дамытуға және олардың өңір экономикасындағы үлесін одан әрі арттыруға назар ау­дарылды. Өткен жылдың қоры­тындысы бойынша бұл көр­сеткіш 24,7%-ды құрады.

Сондай-ақ талдау және бюд­жет қаражатын тиімді жұм­сау бо­йынша тәжірибені жалғастыру қажет. Қызылорда облысында ке­йінгі 4 жылда әлеуметтік салада 100 млрд теңгеден астам бюджет қаража­тының тиімсіз жұмсалуына тосқауыл қойылды. Үнемделген қаржы халықтың өмір сүру са­пасын жақсартуға және жаңа инфра­құрылымдық жобаларды жүзеге асыруға бағытталды.