Сенім және жауапкершілік

5

0

6 мамыр күні Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Мемлекет басшысының сенімі мен тілекші болған Сыр жұртшылығына шынайы алғысы мен ризашылығын білдіріп әлеуметтік желіде жазба жариялады. Оның мәтінін ұсынып отырмыз.

Құрметті жерлестер!

Еңбек жолымдағы тағы бір аса жауапты кезең қорытындыланып, Қызылорда облысының әкімі ре­тіндегі қызметім аяқталды. Төрт жыл­дан астам уақыт бойы Сыр өңі­рінің әлеуметтік-экономикалық да­муына барлық білім-білігімді, күш-жігерімді, тәжірибемді жұм­са­дым. Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы аймақ тізгінін тап­сырғанда, Прези­дентіміздің, жер­лестеріміздің сенімін ақтап, туған жерге адал қызмет етудің жауап­кершілігі жеңіл емес екенін жақсы түсіндім.

Кейінгі төрт жылда Мемлекет басшымыздың қолдауымен атқарыл­ған жұмыстардың, жүзеге асқан жо­балардың, қолға алынған бас­тамалардың барлығы жұртшы­лық­тың көз алдында. Ұлттық құрыл­тайдың бесінші отырысында Пре­­зи­дентіміз «Бір сөзбен айтқанда, Қызылорда облысы барлық салада қарқынды дамуда. Облыстың жағ­дайы жақсы деп күмәнсіз айтуға болады», – деп атап өтті.

Осы уақыт аралығында Прези­дентіміздің, Үкіметтің қолдауымен облыс бюджеті жылдан жылға ұл­ғайып 809 млрд теңгеге жетті. Даму бюджетінің көлемі 2021 жылғы 47 млрд теңгеден 202 млрд теңгеге дейін артты. Бұл қаражат өңіріміздің ең өзекті мәселелерін шешуге, тұр­ғын­дардың өмір сүру сапасын жақсартуға, ауқымды инфрақұры­лымдық жоба­ларды іске асыруға бағытталды.

Аймақта қолайлы инвестициялық климат қалыптасып, кейінгі үш жылда өңір экономикасына 1 трил­лион 600 млрд теңгеге жуық, 2025 жылы 774 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды.

Осылайша Қызылорда облысы негізгі макроэкономикалық көрсет­кіштері бойынша республикада алдыңғы орындарға шықты. Өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, инвестиция, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, ауыл шаруашылығы, мәдениет, спорт және тағы басқа бағыттарда атқарылған жұмыстың нәтижесі Қызылорда қаласының, аудан орта­лықтары мен елді мекендердің кел­бетінен анық көрінеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалдым. Мұны сенім мен жауапкершілік жүгінің салмағы еселене түскені деп білемін. Ел дамуы жолында атқаратын жұ­мыстың ауқымы зор. Сондықтан өзіме жүк­телген міндетті толық атқаруға бар күшімді саламын.

Туған жерге қызмет етуге, ойға алған жобаларды іске асыруға мүмкіндік берген Президентімізге, әр бастамаға қолдау білдіріп, тілекші бол­ған Сыр жұртшылығына, ортақ іске бір қолдың саласындай болып жұмылған барша әріптестеріме шынайы алғысымды, зор риза­шылығымды білдіремін.