Облыс әкімінің құттықтауы

74

0

Құрметті Сыр елінің көлік инфрақұрылым қыз­меткерлері және сала арда­герлері!

Сіздерді кәсіби мереке­леріңіз – Көлік қыз­мет­керлерінің күнімен  шын жүректен құттықтаймын!

Көлік логистикасы – эко­­­­но­микамыздың күре­та­мыры әрі тәуелсіз елі­міз­дің өсіп-өркендеуінің не­­гізгі көр­сеткіштерінің бірі. Жол қауіпсіздігін сақ­тау, нақтылық пен тасы­мал­дау­дың сапасы ау­қымды ин­вестициялық жо­­ба­­ларды жүзеге асыруға, халықтың әл-ауқатын арт­тыру, өнер­кә­сіптік өсім сияқ­ты мәсе­лелерді шешуге мүм­кіндік береді.

Облыс аумағындағы 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байла­­­­ныстыратын 205 авто­бус маршруты ұйымдас­тырылған. Сондай-ақ, Таш­кент қаласына 1 халық­аралық және облыс­аралық  13 автобус маршруты қызмет етеді. Бүгінгі күні әлемді жаулаған коронавирус ін­детіне байланысты облыс­аралық тұрақты маршрут­тардың уақытша тоқтауы жолаушылар ағымының тө­мендеуіне әсер етуде.

«Қорқыт Ата» әуежайы арқылы аптасына 23 тұрақты рейс қызметі бар. Бұл рейстер «AirAstana», «Qazaq Air», «Fly Arystan» әуе компаниялары тарапынан іске асуда. Биыл алғашқы жартыжылдықта әуежайдан 69,9 мың жолаушы жөнел­тілген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыс­тырғанда 2,7 есеге өсіп отыр.

Қазіргі таңда әуе­жайдың қолданыстағы жо­лау­шылар терминалын кең­ейтуге жұмыстар жүру­де. Жобалау-сметалық құжат­тамасы әзірленіп, биылғы маусым айында мемле­кеттік сараптамадан оң қорытындысын алды. Жобаға сәйкес терминалдың көлемі қазіргіден екі есеге, яғни 1400 шаршы метрге кеңейеді деп отырмыз.

Өңірімізде 8 теміржол вокзалы жолаушыларға қыз­мет көрсетуде. Облыс ау­мағынан 19 жұп, оның ішін­де облыс орталығынан 5 жұп жолаушы пойызы жүреді. Алайда, корона­вирус пан­демиясына байла­нысты 7 ха­лықаралық, 1 облыс­аралық, 1 қала маңы қатынасы уақытша тоқтап тұр.

Біз үшін халықтың ден­саулығы бәрінен маңызды екені даусыз.

Күрделі жағдайға қара­­мастан Сыр елінің әлеу­меттік-экономикалық дамуына зор үлес қосып отыр­ған Сіздерге алғысымды айтамын.

Еңбектеріңізге табыс, өз­деріңізге мықты денсаулық отбасыларыңызға құт-береке, амандық тілеймін!

Құрметпен,

облыс әкімі

Гүлшара Әбдіқалықова

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз