Фитнес клубтар мен СПА салондардың жұмысына тыйым салынады

650

0

Елордада карантин аяқталғанға дейін фитнес клуб, СПА салон, косметика кабинеттерінің жұмыс істеуіне тыйым салынады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиеваның қаулысында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаулыда айтылғандай, ұлттық құрама командаларын Олимпиадалық және паралимпиадалық ойындарға даярлау үшін пайдалану кезеңінде жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

«Түнгі клубтардың, фитнес-клубтар мен залдардың, жаттығу залдарының, СПА-салондардың, массаж кабинеттерінің, косметологи кабинеттерінің, клиникалар мен орталықтардың, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының, компьютерлік клубтардың, спорт кешендерінің қызметіне тыйым салынады», – делінген құжатта.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<