Газа секторында қаза тапқандар саны 10 мыңға жуықтады

373

0

Фото: Anadolu Ajansi

Газаның Денсаулық сақтау министрлігі соғыс кезінде қаза тапқандар туралы жаңа деректі жариялады, деп хабарлайды Kazinform агенттігі BBC жаңалықтарына сілтеме жасап. 

Газа секторындағы Палестина денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Израильдің Газа секторына жасаған шабуылынан 7 қазаннан бері 9488 адамның өмірі қиылған. 

Қаза тапқандар арасында кем дегенде 3900 бала бар.

Газа Денсаулық сақтау министрлігі — Палестина анклавында қаза болғандар мен жараланғандар саны жайлы дерек тарататын жалғыз ақпарат көзі.

Өзге ұйымдардың бұл мәліметті тәуелсіз тексеруге мүмкіндігі жоқ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<