Кәсіби мереке қарсаңында

220

0

Елімізде қазан айының соңғы жексенбісі әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні болып белгіленген. Әлеуметтік қорғау жүйесі – үлкен жауапкершілікті, кәсіби біліктілікпен қатар адами қасиеттерді талап ететін сала. Мерекесі қарсаңында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету салалық кәсіподағы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Көңілді старт» спорттық жарысы өтті.

Оған әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарынан командалар қатысты. Спорттық шараның мақсаты – кәсіподақ мүшелері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортпен шұғылдануға ынталандыру, белсенді демалысты ұйымдастыру, спорттық шараларға қатысу белсенділігін арттыру. Жарыс көңілді де қызықты өтті. Үзілістерде команда жанкүйерлері әннен шашу шашты.

Жарыс қорытындысы бойынша бас жүлдені арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының «Достық» командасы, І орынды мүгедектерге арналған оңалту орталығының «Ақ барыс» командасы, ІІ орынды №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының «Арыстан» командасы, ІІІ орынды №2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының «Сұңқар» командасы жеңіп алды, Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз