Көпқабатты пәтерді басқарудың тиімділігі

401

0

Көпқабатты пәтерді басқарудың жаңа формасы енгізілді. Оның артықшылығы енді әр тұрғынның қаражаты тек өзінің үйін күтіп ұстауға ғана жұмсалады. Әр тұрғын бос тұрған жертөлелерді жалға беруден, жарнамадан және басқалардан табыс алуға мүмкіндігі бар. Қаражаттың 30 пайызы басқаруға, 70 пайызы үйді күтіп ұстауға бөлінеді. Және тағы бірнеше артықшылықтар қарастырылған.

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Берік Сарменбаев мәлімдеді.

Облыс бойынша 1222 көп қабатты тұрғын үй бар. Солардың ішінде жаңа басқару жүйесімен құрылуы қажет 914 көпқабатты тұрғын үйдің қазіргі уақытта 909 құрылды. Ал қалған 308 көп пәтерлі тұрғын үйдің коммуналдық меншікте болуына байланысты олардан басқару ұйымдары талап етілмейді.

Бүгінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау үшін ағымдағы және жинақ шоттарын ашу, көп қабатты тұрғын үй шығыстарының ең төменгі мөлшерін, коммуналдық қызмет көрсету ережесін бекіту жұмыстары жүргізілуде.

-Сондай-ақ, тұрғындар қажетті жұмыстардың тізімін өз бетінше таңдап, жылдық шығындар сметасын жасайды және оны жиналыста бекітеді, соның негізінде ай сайынғы шығындар есептеледі. Әрбір үйдің тұрғындары кондоминиум объектісін басқаруға және күтіп ұстауға арналған шығыстар сомасын дербес белгілейтін болады. Егер тұрғындар тарифтің мөлшеріне риза болмаса, онда меншік иелері бірлестігінің төрағасы оны қайта қарауы керек, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

_____________________

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<