Мәні зор мереке

1189

0

Тілдер мерекесімен тұспа-тұс келген рухани мейрамның 5 қыркүйекте тойлануына себеп болған – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.

Бұл ретте Ахмет Байтұрсынұлы жайлы өткен шақта айту жеткіліксіз дер едім. Себебі, Ахмет Байтұрсынұлы – келешектің шамшырағы. Бүгінгі күні тіл жанашырының әліппесі ортамызға қайта оралды, болашақта әліпбиі де қайта оралмақ.

Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Ендігі міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалану және оның қолданыс аясын кеңейту. Барлығымызды біріктіруші негізгі фактор – мемлекеттік тілді дамытуға күш-жігерімізді салайық! Тіліміздің мәртебесі биік, абыройы асқақ болғай!

 Аман АБАСИЛОВ,

филология ғылымдарының кандидаты,

 Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың қауымдастырылған профессоры, доцент

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<