Облыста заңсыз балық аулаған 3 азамат анықталды

754

0

Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы «Браконьер» профилактикалық іс-шарасына сәйкес қарқынды түрде рейд жұмыстарын жүргізуде.

Іс-шара барысында  2022 жылы 8 қараша күні Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылының маңында «УАЗ» автокөлігімен заңсыз балық аулап келе жатқан 3 азамат анықталды.

Айғақ зат ретінде 27 дана ақ амур балығы, 33 дана ақ балық, 73 дана дөңмаңдай, 2 дана жыланбас балық, 2 дана жайын, 2 дана көксерке, 7 дана сазан, 1 дана мөңке және 3 дана табан балықтары салынған 5 қап, 2 дана 50 метрлік капрон жіп аулары алынды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Арал-Сырдария облысаралық бассейндік

балық шаруашылығы инспекциясы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<