9 ұңғыма бұрғыланбақ

628

0

Биыл Титов, әл Фараби, Қызылжармадағы ауызсу сапасын жақсарту мақсатында 9 ұңғыма бұрғылау жоспарланып, қазір олардың жоба-сметалық құжаттары дайындалуда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қызылорда су жүйесі» МКК басшысы Марат Жамиев айтты.


– Қазір қаланың шет аймақтардағы тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Ол үшін тиісті құжаттар дайындалуда. Мұнан бөлек, тереңнен су тартатын 15 дана ЭЦВ маркалы насос қондырғы сатып алдық. Бұл тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз етуде үлкен күшке айналмақ. Әрі биыл 11,2 шақырым жүйе құрылысын салып, 1,2 шақырым ауызсу жүйесін қайта жаңғырту жүр­гізілуде, – деді ол.


Айта кетейік, көктем келгелі ауыз су пайдалану көлемі 37 процентке ұлғайды. Сәуір айынан бастап тұтынушыларға тәулігіне 67 мың текше метр ауызсу таратылып отыр. Жазғы мезгілде бұл көрсеткіш 95 мың текше метрге дейін барады.

Барлық ұңғымалар, су алу құрылымдары максималды режимде жұмыс жасайды.


– Қаламызда аяқсу мәселесі толығымен шешілмеуіне байланыс­ты тұтынушылар ауызсуды бау-бақша, жасыл желектерді суаруға пайдалануда. Бұл ретте, тұрғындарға түнгі сағат 23:00-ден, таңғы 06:00-ге дейін пайдалану туралы ескерту жұмыстары жүргізілуде. Ал басқа уақытта бақша суаруға тыйым салып отырмыз. Себебі, көп мөлшерде суды пайдалану тұрғындардың үйлеріндегі қысымды төмендетіп, наразылық тудырады. Сондықтан қала тұрғындарына ауызсуды үнемді пайдалансақ деп айтқым келеді, – деді М.Жамиев.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<