Әрбір мәселе мұқият назарға алынады

496

0

Кеше облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кезекте тұрған тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Аймақ басшысы қабылдауға келген азаматтардың мәселелерін жеке-жеке қарап, өтініштерін тыңдады.

Азаматтар тұрғын үй алу, жұмыспен қамту, көз мүгедектігі бар адамдарға қоғамдық көліктерде тегін жүру мәселесін көтерді. 

Облыс әкімі мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы жағдай жасау маңызды  екенін, тұрғын үйлер тек кезек реттілігімен берілетінін жеткізді. Бұл ретте әрбір мәселені мұқият қарап, сала басшыларына бірқатар тапсырма берді.

Айта кетейік, тұрғындар облыс әкімінің қабылдауына e.gov порталы арқылы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша арыз тастау арқылы жазыла алады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<