Алғаш дауыс берген қарияға арнайы сыйлық табысталды

332

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында биыл елімізде өкілеттік мерзімі аяқталатын ауыл әкімдерін жергілікті халық сайлайтынын айтқан болатын. Бұл-ашық, демократиялық ел болуды мақсат еткен мемлекетіміздің саяси даму үдерісіндегі маңызды бір қадамы екені сөзсіз.


Бүгін таңғы сағат 7:00-ден бастап Шиелі ауданына қарасты Талаптан ауылдық округі №273 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады. Алғашқылардың бірі болып 85 жастағы сайлаушы Жанқошов Серікбай ардагер ақсақал алдымен ақ батасын беріп, өз таңдауын жасады. Серікбай ақсақал өзінің өмір жолын туған ауылымен ұштастырып, талай жыл ауыл игілігі жолында қызмет еткен.


– Міне, биылғы сайлаудың бұрынғыдан өзгерек. Себебі, әкімдерді халық өзі сайлауда. Елімізде алғаш енгізілген жаңа тәртіпті қуана қолдаймын. Кім әкім болса да, халықпен ортақ тіл табысып, ауылдың көркеюі үшін аянбай жұмыс істейтін басшы келеді деп сенеміз. Бүгін мен сайлауға барып, алғашқылардың бірі болып өз дауысымды бердім. Алғаш дауыс берген қарияға арнайы сыйлық табысталды.


Атап өтсек, Талаптан ауылдық округінде 2 кандидат саяси науқанға қатысып жатыр. Тарихи сәтте ауылдың 2244-ге жуық тұрғыны дауыс береді деп күтілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<