Азық-түлік қоры жеткілікті

91

0

Бүгінде аймақтың тұрақтандыру қорында 1,3 мың тонна өнім бар. Әлеуметтік дүкендер мен бұрыштарда 19 маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы нарықтан төмен сатылуда.

– Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында кәсіпкерлерге займ беру қолға алынды. Мәселен 27 әлеуметтік дүкенді сиыр етімен қамтамасыз ету үшін « Оразбердин Т» ЖК-не 40 млн. теңге займ берілді. Қазіргі таңда, дүкендерде 1650 теңгеден сатылуда. Сондай-ақ, тауық жұмыртқасының бағасын тұрақтандыру мақсатында «Омарова К» жеке кәсіпкеріне де 40 млн. теңге займ беріліп, күнделікті жұмыртқаны әлеуметтік дүкендерге 39 теңгеден жеткізуде, – деді «Байқоңыр» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жеңісбек Ахметов.

Сонымен қатар, тез бұзылатын, яғни сақтау мерзімі 6 ай сақталатын өнімдердің көлемін арттыру мақсатында «Оразбердин Т» ЖК-не 60 млн. теңге көлемінде займ аударылған. Бүгінде дүкендерге картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат өнімдерін белгіленген бағада тасымалдауда.

-Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін облыстың тұрақтандыру қорынан тауарлық интервенциялар жүргізу, «айналым» схема бойынша бағаны тұрақтандыру механизмі аясында несие беру, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізу арқылы шаралар қабылдануда. Облыста жағдай тұрақты, сауда орындарында азық-түлік тауарларының қоры жеткілікті, тапшылық байқалмайды. Нарықты молықтыру және баға мәселесі тұрақты бақылауда,-деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев.

Айта кетейік, облыс орталығында 29 әлеуметтік-сауда дүкені бар. Биыл қосымша тағы да 10 дүкен ашу жоспарлануда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз