«Байлығым – балаларым»

2106

0

Қызылордалық алтын құрсақты ана Күлжаһан Есмағанбетова бақытым да, байлығым да – балаларым деп есептейді. Жолдасы Тәжібек Ахметовпен бірге ұл-қыздарының, одан өрбіген ұрпақтың қызығына кенеліп отыр.


Күлжаһан апаның жасы жетпістен асты. Тәжібек ағамен жарты ғасыр бұрын бас құрап, отау тікті. Ол кезде жасы жиырмаға да толмаған еді. Бір ауылда туып-өскен екеуінің арасындағы сезім оты мейірім мен махаб­бат­тың бастауы болды. Ал кейін сыйластық орнаған отбасы бақыт пен бе­рекенің ордасына айналды. Балаларының алдының жасы қазірде елуге таяп қалды. Үлкен ұлы Съезбек білім саласында еңбек етіп жүр. Қыздары Алтынай, Жұлдызай, Жанат пен Айнұрды құтты ұясына қондырып, перзент алдындағы парыздарын өтеді. Ал қолындағы кенжесі Алмас пен кіші келін үлкендердің қас-қабағына қарап, шәй-суын беріп, батасын алып отыр.


– Тұңғышымыз – кемпір-шалдың баласы. Ата-енем өте жақсы адамдар еді. Бала бағуда қиындық болған жоқ. Сол кісілерге сеніп қалдырып, өзіміз алаңсыз жұмыс істедік. Жасы келген адамға жылы қабақтан басқа ештеңе керегі жоқ. Біз де ұлымыз бен келінімізден соны ғана күтеміз, – дейді «Күміс алқа» иегері.


Кейіпкерімізден «міне­зіміз жараспады» деп ажы­расуға дайын тұратын жас жұбайларға кеңес сұрадық.


– Кейбір келіншектер ерінің айтқанына көнгісі келмейді. Өйткені өзі бір­дей табыс тауып отыр. Ер адам да үй шаруасында әйеліне қолғабыс жасаса, одан кеміп қалмайды. Бұл жерде, ең бас­тысы, екеудің бірі кешірімді болуы керек. Сонда жұбай­лардың жарастығына, сый­ластығына сызат түспейді, – дейді ол.


Құралай Қазтайқызы сая­­лы бәйтеректей өркен жай­­ған шаңыраққа он бес жыл бұрын келін боп түсті. Осы әулеттің өмір салтына әб­ден сіңіскен ол ата-енесін жоғары бағалайды.


– Алты баласын бөліп жармайды, ешбірімізден ме­йі­рімін, жылуын аяған емес. «Қарты бардың қа­зы­насы бар» дейді. Ол кісі­лердің мінезі жайлы бол­ғасын шығар, қараша­ңы­рақтан қонақ арылмайды, – дейді ол.


Назерке САНИЯЗОВА,
«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<