Басқарма төрағасының орынбасарын қабылдады

417

0

Кеше облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының орынбасары Жақып Марабаевты қабылдады. Басқосуда Сыр өңірінің даму бағытында бірлесіп атқарылатын жұмыстар сараланды.

Облыс әкімі мұнай компаниясының өңір экономикасын дамытудағы орны ерекше екенін атап өтті.

– Өздеріңізге белгілі, мұнай компаниялары өңір дамуының локомотиві саналады. Биыл өңірде 4,2 млн тонна мұнай өндірілетін болса, оның ең жоғары үлесі – 35,2 пайызы «ҚазГерМұнай» біріккен кәсіпорны» серіктестігіне тиесілі. Компания елімізде алғашқылардың бірі болып кеніштерді игеруге, сол арқылы еңбек өнімділігін арттыруға, шығындарды азайтуға мүмкіндік беретін ақылды технологияларды енгізді. Сонымен қатар, аймақты «көгілдір отынмен» қамтамасыз етіп отырған бірден-бір кәсіпорын, – деді облыс әкімі.

Жиында Жақып Марабаев «ҚазГерМұнай» біріккен кәсіпорны» серіктестігі Бас директорының орынбасары Мұрат Мұстафаев жаңа қызметке ауысуына байланысты оның орнына Нұржан Әбдірахмановты таныстырды.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Мұрат Мұстафаевтың өңірімізде жемісті еңбек еткеніне алғыс білдіріп, Нұржан Әбдірахмановтың жаңа қызметіне табыс тіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<