Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті

552

0

Өткен жылы індеттің белең алған уақытында дәрі-дәрмек тапшылығы туындағаны рас. Алайда, сала мамандары бұл олқылықтың орнын толтыруға күш салып, қала дәріханаларында дәрінің бар-жоғына, бағасына байланысты мониторинг жүргізді.

Нақты шара нәтиже бергені есте. Биыл да осы тектес жұмыстар өз жалғасын табуда. Бұл туралы облыстық медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғалима Әзірова өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.


Ғалима Жақсылыққызының айтуынша, өткен жылдың 2-жартыжылдығына 6478 дә­рі­лік зат атауына шекті баға бекітілген, биыл да 6512 дәрілік препаратқа нақты баға белгіленді.


– Қазір дәрі-дәрмектің 7 мыңнан ас­там атауы тіркелген және қолдануға рұқ­сат етілген. Android және Appstore плат­формаларында «DARI.KZ» мобильді қосым­шасы қолжетімді. Оның көмегімен кез келген тұрғын ҚР аумағында тіркелген дәрілік заттардың барлық тізбесін көре алады. Пайдаланушыға медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық, қаптама макеттері, қолдану тәсілдері, сертификаттар, дәрілік заттың толық атауы, өндіруші туралы ақпарат, тіркеу куәлігінің нөмірі мен баламалар тізбесі қолжетімді. Сондай-ақ, шекті бөлшек сауда бағасынан асып кету фактілері анықталған кезде шағым беруіне мүмкіндік бар, – деді ол.


Спикер осы кезге дейін бағаны негізсіз өсіру фактілері орын алғанын жасырмады. Мұндай әрекетке жол бергендерге 33 әкім­шілік іс бойынша жалпы сомасы 5180970 теңгеге айыппұл салынған. Биыл шекті бөл­шек сауда бағаларынан асып кету фак­тілері тіркелмеген. Сонымен қатар осы жылы «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орта­лығы» ЖШС арқылы 17 фармацевтикалық ұйым барлығы 281,2 млн теңге сомасында қар­­жыландырылып отыр.

Оған ыстықты түсі­ретін антибиотиктер, вирусқа қарсы им­муно­стимуляторлар, медициналық бұ­йым­дар, инъек­циялық және гормондық пре­параттар сатып алынса, 1,2 млн теңгені құрайтын дәрі­лік препараттар өңірге енді жеткізілмек.

М.СНАДИН

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<