Дәстүрге сай ілтипат көрсетілді

660

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мемлекет және қоғам қайраткері, Тұңғыш Премьер-министр Ұзақбай Қарамановтың жұбайы Ұлдай Рахметоллақызы және Р.Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Ақтоты Райымқұловамен кездесті.

Басқосуда руханият саласында пікір алмасып, Ұзақбай Қарамановтың 85 жылдығын атап өту туралы ой қозғалды. Аймақ басшысы қайраткердің құрметіне арнап конференция өткізу, аты берілген көшеге естелік тақтайшасын орнату және Арал қаласындағы №262 мектеп-гимназиясына спорт алаңын салып беруге ықпал жасайтынын жеткізді.

Кездесу барысында өңір басшысы Ұлдай Рахметоллақызына қазақтың игі дәстүріне сай Сыр жұртшылығының атынан қамзол кигізіп, ілтипат көрсетті.

Сондай-ақ, «Қазақконцерт» ұжымының Сыр еліндегі гастролін өткізу және Қызылорда облысы өнер шеберлерінің елорда төрінде шығармашылық сапарын  ұйымдастыру мәселелері пысықталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<