Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

511

0

Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Генетикалық тіл ғылымы – гуманитарлық білімнің заманауи жаңа бағыты: зерттелуі, мәселелері, болашағы» тақырыбында онлайн халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.
Конференцияға Белоруссия елінен және Алматы, Жамбыл, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Маңғыстау, Түркістан аймақтарынан ғалымдар қатысты.


Конференция Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Е. Әбішевтің кіріспе сөзімен ашылды.


Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті ректорының міндетін атқарушы А.Жүнісов сөз алып, конференция жұмысының басталуымен құттықтады.
Конференцияның күн тәртібіне сәйкес «Генетикалық тіл ғылымы: тіл білімінің ежелгі проблемаларына жаңаша көзқарас» тақырыбында идея авторы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, ғалым Ш. Бекмағамбетов, филология ғылымдарының докторы, Белорусияның П.М.Машеров атындағы Витебск мемлекеттік университетінің профессоры В. Маслова, филология ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Г. Қосымова, филология ғылымдарының кандидаты, Павлодар педагогикалық университетінің профессоры Ы. Шақаман, филология ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері А. Әмірбекова, филология ғылымдарының докторы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры Ж. Сәдуақасұлы баяндама жасады.


Конференцияға республикамыздың бірқатар қалаларынан қатысып отырған ғалымдарымыз пікірлерін білдірді.
Сұрақ-жауап түріндегі пікірлерден соң конференция жұмысы қорытындыланып, қарары оқылды.
Конференция жұмысы жалпы тілі білімі мәселелерін халықаралық деңгейдегі философия және филология ғалымдарының қатысуымен талқылау, тарихи және танымдық тіл білімінің аса маңызды проблемаларын жаңаша шешу мүмкіндіктерін туғызу мақсатына негізделіп өткізілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<