Мерекелік шаралар карантин талаптарына сай өтеді

555

0

Қазақстан халқы тілдері күні мерекесін атап өтудің облыстық іс-шаралар жоспары бекітілді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова мәлімдеді.

2017 жылдың 31-ші қазанынан бастап Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтілуде. Мемлекеттік тілдің аясын кеңейту үшін жыл сайын жоғары деңгейдегі іс-шаралар жалғасын тауып келеді. Биыл пандемияға байланысты іс-шаралар карантин талаптарын сақтай отырып ұйымдастырылады. Облыстағы жоғары және арнаулы оқу орындары мен жалпы орта білім беретін барлық мектепте, мектепке дейінгі мекемелерде тілдер күніне орай ашық сабақтар, сайыстар өткізіліп, кітапханаларда «Туған тілім – тірлігімнің айғағы», «Тіл – асыл қазына» тақырыбында  онлайн кітап көрмелері ұсынылады.

Қызылорда қаласында  «Тілім – тірегім, Қызылорда – жүрегім» атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасы мен көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауы өтеді.  Арал ауданында «Тіл – татулық пен достықтың тірегі» атты аудандық онлайн мүшәйрасы және «Ана тілім – мәңгілік бойтұмарым» байқауы, Қазалыда «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің негізін қалаушы» ғылыми-танымдық конференциясы мен «Туған тілім – мөлдіреген тұнығым» тақырыбында онлайн жыр кеші, Қармақшы ауданында «Туған тілім – тірлігімнің айғағы» атты жазба ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылады.

Жалағашта «Алаш зия­лы­лары және қазақ тілі» тақырыбында «дөңгелек үстел», «Латын әліпбиі – ұлт бола­ша­ғының негізі» онлайн конференциясы, Сырдария ауданында «Тіл – татулық тірегі» аудандық фестивалі, Шиелі ауданында «Тілім менің ғасырларға аманат» үздік мақалалар байқауы, Жаңақорғанда «Менің тілім – мәңгілік тіл» жазба ақындар мүшәйрасы және басқа да шаралар  мерекелік күн мазмұнын байытпақ.

Жалпы, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру атаулы күн аясында ғана қалып қоймайтын үлкен құндылыққа ие.

 «СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<