Қазалыда жеңіл автокөлік өртенді

929

0

Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентінде «Audi В4» жеңіл автокөлігі толықтай жанып кетті.


Көліктің жануы Р.Бағланова атындағы көшенің бойында болды. Оқиға орнына аудандық өрт сөндіру мекемесінің мамандары жетті.


«Автокөліктің жануы жөнінде хабарлама телефон арқылы келіп түсті. Құтқарушылар оқиға орнына дереу жетті. Дегенмен автокөлік толығымен жанып кеткен», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<