Қызылордада 1,5 млн-ға жуық салық қарызы бар автокөлік тәркіленді

677

0

Салыққа 1 миллион теңгеден астам қарызы бар қызылордалық азаматтың көлігі айыптұрағына қойылды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«03.09.2021 жылы Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері Әкімшілік полиция басқармасының және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының қызметкерлерімен бірлесіп, жолдардағы салық қарызы бар автокөліктерді анықтау және оларды арнайы айыппұл тұрағына қою бойынша рейд жүргізу кезінде BMW 745I маркалыавтокөлік тоқтатылып, 2017-2020 жылдарда жиналған жалпы сомасы 1 384 500 теңге құрайтын көлік салығынан берешегі үшін автокөлігі тәркіленді» делінген хабарламада.

Иесі қарызын өтегенге дейін көлікті Қызылорда қаласындағы полицияның мамандандырылған айыппұл тұрағына қойды. Автокөлік иесіне салығы бойынша қарызды өтеу міндеттелді.

Рейдтік іс-шара бұдан әрі жалғасын табатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<