Шиелі аудандық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы тағайындалды

1831

1

Әбдешов Ержан Біржанұлы Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімінің 2021 жылғы 22 шілдедегі №41 бұйрығымен «Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры қызметіне тағайындалды.

Ержан Біржанұлы 1994 жылы 2 қарашада Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2012-2016 жылдары Алматы технологиялық университеті, тағам өндірістері факультеті, биотехнология мамандығы бойынша техника және технология бакалавры дәрежесі;2016-2018 жылдары Алматы технологиялық университеті, тағам өндірістері факультеті, биотехнология мамандығы бойынша техника ғылымдарының магистрі. 2014-2015 жылдары Алматы технологиялық университеті Жастар кеңесінің жетекші маманы, 2015-2016 жылдары Алматы технологиялық университеті Жастар кеңесі төрағасының орынбасары, 2016 жылы «Адал сүт» ЖШС қабылдау бөлімінің лаборанты, 2017-2018 жылдары Алматы технологиялық университеті Жастар кеңесінің төрағасы, 2018-2020жылдарыАлматы технологиялық университеті Жастар саясаты бөлімінің басшысы, 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бүгінге дейін Шиелі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмысы бөлімінің бас маманы қызметін атқарған. Отбасылы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<