Жастарға үлгі игі бастама

651

0

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында аға буын өкілдері жастармен бірге Тұңғыш Президент саябағына көшет отырғызды. Игі шараға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, жастарға Сыр өңірін жасыл желекке айналдыру ортақ мақсат екенін жеткізді. Сондай-ақ, тұрақтылық пен татулық басты құндылық екенін еске салды.

Жастар ардагерлермен бірге түрлі ағаш көшеттерін екті. Бұл – қоршаған ортаға қамқорлық қана емес, сабақтастықтың ерекше бір көрінісі. Туған өлкені абаттандыруға жалынды жастарды тарту, үлкендік үн қосу әркез маңызды бола бермек.

Айта кетейік, апта сайын қызылордалықтар экологиялық акцияға қатысып, қала тазалығын сақтауға белсенді түрде атсалысып келеді.

Аружан ЕРАЛЫ,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<