Жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізілуде

442

0

Қазан айының соңғы жұмыс аптасы «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» Сайлауалды бағдарламасының Жол картасында белгіленген шаралардың уақытылы және сапалы жүзеге асырылуын бақылау мақсатында партияның «Ұлт денсаулығы» мәселелері жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес мүшелерінің Қазалы және Жалағаш аудандарындағы іс-сапарымен басталды. Кеңес төрағасы Н.Е.Әмитов Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі ауысымына 250 келушіге арналған емхананың құрылысымен және Жалағаш ауданы, Таң ауылдық округінде салынып жатқан дәрігерлік амбулаторияның жұмысымен танысты. Мониторинг жұмыстарының қорытындысы бойынша мердігер мекеме басшылары мен бағдарлама әкімшілеріне тиісті ұсыныстар берілді.

Мұнан соң облыстық Партиялық бақылау комиссиясы мен жауапты басқарма өкілдері Қазалы ауданында болып, партияның Сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыруға арналған облыстық және аудандық Жол карталарында 2022 – 2023 жылдары орындалуы жоспарланған «Қазалы – Қожабақы – Бозкөл – Кәукей» автомобиль жолының Қарлан учаскесінен Сырдария өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысына зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Апта барысында «Nur Otan» партиясы жанындағы Ұлт денсаулығы мәселелері, Отбасы, әйелдер және балалардың құқығын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестердің отырыстары өтті. ZOOM бағдарламасы арқылы өткен жиынға аймақтық қоғамдық кеңестердің төрағалары мен жауапты басқарма өкілдері қатысып, отырыстың күн тәртібіндегі партияның 2021-2025 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасының осы кезеңге дейін атқарылған жұмыстары бойынша талдауға қатысты. Айта кету керек өңірімізде сайлауалды бағдарламаның ағымдағы жылдың 9 айында 35,3%-ы орындалды.

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы мен «Qazaq Epos» қоғамдық қоры және облыстық білім басқармасы мен «Дарын» қосымша білім беру орталығымен бірлесе ұйымдастырылған «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының қалалық, аудандық кезеңі өз мәресіне жетті. Байқаудың қалалық, аудандық кезеңдеріне облыс бойынша 662 мұғалім дайындаған 713 оқушы қатысып, жүлделі орындарға ие болған 24 оқушы облыстық кезеңге жолдама алды.

Жұмыс аптасында аймақтық Өңірлік даму жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы мен Партиялық бақылау комиссиясы Сайлауалды бағдарламаның облыстық Жол картасына енген Ж.Махамбетов елді – мекеніндегі №268 мектеп жанынан жүргізілген қосымша құрылыс сапасына зерделеу жүргізді. Аталмыш нысан екінші тоқсанда балалар игілігіне пайдалануға берілмек.

«Nur Otan» партиясы алғаш рет ел көлемінде депутаттық корпусты кешенді бағалаудың пилоттық жобасын қолға алып, заманауи рейтингтік технологияларды енгізу арқылы депутаттардың жол карталарын іске асыруға жеке жауапкершілігін арттыруда және нұротандықтарды халықпен жүйелі де нәтижелі жұмыс жасауға бағыттауда. Осыған орай, аптада облыстық мәслихаттағы фракция мүшелері партия алаңында бас қосып, Жол карталары шараларын іске асыру бойынша жұмысты жетілдіру бағытында ой бөлісті.

Сондай-ақ, аудандық филиалдарда «Jas Otan» Жастар қанатының бастамасымен қолға алынған және ауыл оқушыларының сапалы білім алуына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, ағылшын тілін оқытуға қызығушылықпен қатысуды арттыру мақсатында ұйымдастырылған «English for jastar» жобасына қатысушы еріктілер мен оқушылар марапатталса, «Эко-сана» жобалар байқауының қорытынды шарасы өтті.

Апта ішінде кестеге сәйкес партия алаңында облыс әкімінің орынбасары Б.М.Шәменова мен облыстық мәслихаттағы партия фракциясы мүшелері А.И.Әбибуллаева, Г.Б.Есқалиева, облыстық әділет департаментінің бөлім басшысы З.А.Ержанова қоғамдық қабылдау өткізіп, азаматтардың сауалдарына жауап берді. Жалпы осы айда партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелерінде түрлі сала басшыларымен 93 қабылдау ұйымдастырылып, оларға 388 тұрғын келіп өтініш-тілектерін білдірді. Келіп түскен өтініштердің 257-сі оң шешімін тауып, 131-не түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<