Қазалыда жастар кеңесінің отырысы өтті

738

0

Бүгін аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен әкімдік жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес отырысы өтті. Басқосуға аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім мен мекеме-кәсіпорын басшылары, кент, қала және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Күн тәртібінде қаралған негізгі мәселе – ауданда жастар саясаты бойынша 2020 жылы жасалған жұмыстар және 2021 жылы атқарылатын міндеттер туралы болды. Бұл жөнінде аудандық жастар орталығының директоры Асылхан Дәрібаев егжей-тегжейлі айтып берді.

Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев жастар ресурстық орталығы алдағы уақытта ерікті жастармен жұмыстарды жандандырып, ауылдық жерлердегі жастарға мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру қажеттігін айтты. Сонымен қатар, жастарға байланысты мәліметтерді нақтылауды тапсырды.

Мұнан соң Шәкен ауылдық округінің әкімі Тимур Кемалов, Ақжона ауылдық округінің әкімі Нұркен Сералиев, Алға ауылдық округінің әкімі Олжас Ахметов ауылдық округтер бойынша мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы туралы баяндама жасады.

Жиынды қорытындылаған аудан басшысы Мұрат Ергешбаев жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту қажеттігін айтып, жастар ресурстық орталығы директорына, қала, кент және ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.– Жастарды қолдап, аудандағы жас кәсіпкерлердің қатарын көбейту қажет. Ауылдық жерлерде тұрғындардың бау-бақша егуіне жағдай жасауға тиістіміз. Әсіресе бұл жұмысқа жастарды тарту қажет. Жалпы жастардың мәселесіне немқұрайлы қарамаңыздар. Олардың әрбір бастамасына қолдау көрсетіп отыруымыз керек, – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<