Қазақстанда 41 градусқа дейін аптап болады

375

0

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 29-31 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінен атмосфералық фронттар өтуіне байланысты күн күркіреп, жаңбыр жауады. 30-31 шілдеде шығыста, 31 шілдеде оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады.

«Еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың барлық аумағында ауа температурасы көтеріледі деп болжанды: күндіз батыста, солтүстік-батыста 25-41 градус, солтүстік пен шығыста 23-33 градус, орталықта 25-37 градусқа дейін ыстық болады», – делінген хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<