Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасында жасырын туннель табылды

126

0

Фото: Kaktus.media

Қырғызстанның Жалалабад облысында Өзбекстанға апаратын тағы бір туннель табылды. Қырғызстанда тұратын күдікті сол арқылы адамдар мен тауарларды заңсыз өткізіп жүрген. Шекараны заңсыз кесіп өтті деген күдікпен 40 жастағы Өзбекстан азаматы қамауға алынды, деп хабарлайды Каzinform Қырғызстан ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туннель арқылы Өзбекстан аумағына адамдар мен контрабандалық тауарлар заңсыз тасымалданғаны атап өтілген. Осы жылдың 5 сәуірінде облыстық ІІБ қызметкерлері Қырғызстан шекарасын заңсыз кесіп өткен Өзбекстан азаматын қолға түсірген. Оның көрші елге осы құпия туннель арқылы өткені анықталған.

Сондай-ақ, 12 сәуірге қараған түні Ноокен ауданында ақшаға қырғыз-өзбек шекарасын заңсыз кесіп өтуді ұйымдастырды деген күдікпен жергілікті халықтың өкілі де қамауға алынды.

«Күдіктіден арнайы таңбаланған валюта мен түнде көретін дүрбі тәркіленді. Сондай-ақ оның үйінде құны 30 мың долларға жуық 87 қорап есірткі сақтағаны анықталды», – делінген хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<