Қызылорда облысында ауылдық округ әкімдері сайлауында тәуелсіз бақылау жүзеге асырылуда

233

0

Қызылорда облысында тікелей сайлау арқылы 40 ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтуде. Сайлау процесінің ашық және заңға сәйкес өтуін бақылау үшін облыстағы саяси партиялар, азаматтық қоғам институттарынан 600-ден астам байқаушылар жұмыс жасауда.

«Елімізде тұңғыш рет ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтуде. Біздің мақсатымыз – сайлаудың ашық, әділ, сайлау заңнамаларына сәйкес өтуіне өз үлесімізді қосу» – дейді «Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Тұсмағамбетов.

Байқаушылар шілде айының басында арнайы оқу семинарларынан өткен, өз міндеттері мен құқықтарын жақсы біледі. Байқаушылар таңғы 6-дан бастап сайлау учаскелерінде сайлау процесінің үдестерін бақылауда. Сайлауға ауыл тұрғындары белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда.

Осы уақытқа дейін сайлау учаскелерінде заң бұзушылықтар орын алмаған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз