Қызылорда: Үздік ауыл әкімі анықталды

972

0

«Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсының өңірлік кезеңі өз мәресіне жетіп, жеңімпазы анықталды.


Аталған республикалық конкурс ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен биыл екінші рет өткізілуде. Байқауға облыстың 8 ауылдық округ әкімі құжаттарын тапсырып, белгіленген критерийлерге сәйкес келетін және тиісті құжаттар топтамасын толық өткізген 4 кандидат өңірлік комиссиямен әңгімелесу кезеңіне жіберілді.

Қатысушылар тізімі:


1) Қызылорда қаласы, Қызылөзек ауылдық округінің әкімі Сәкен Әбдіжаппар;


2) Қазалы ауданы, Ғ.Мұратбаев ауылдық округінің әкімі Абай Рыстығұл;


3) Жалағаш ауданы, Ақсу ауылдық округінің әкімі Қанат Ниетқұлов;


4) Сырдария ауданы, Бесарық ауылдық округінің әкімі Даулет Сарсенбаев.

Үміткерлер өңірлік комиссияға өздерінің портфолиолары мен бейнероликтерін ұсынып, жобаларын қорғады. Өңірлік комиссия тұрғындардың арасында жүргізілген сауалнама қорытындылары мен әкімнің халықпен кері байланыс орнату көрсеткіштерін ескере отырып, Жалағаш ауданы, Ақсу ауылдық округінің әкімі Қанат Қуанышұлы Ниетқұловты «Үздік ауыл әкімі» конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпазы деп таныды.


Қ.Ниетқұлов 2018 жылдан бері Ақсу ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді. Ендігі кезекте облыстың үздік ауыл әкімі республикалық кезеңге қатысып, аймағымыздың намысын қорғайтын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<